Б і р і н ш і т а р а у


Р О М А Н


«ПИЛИГРИМ» АТТЫ ШХУНА-БРИГ1

1873 жылы 2 ақпанда «Пилигрим» атты шхуна-бриг Гринвичтен 43075' оңтүстік ендік пен 165019' батыс бойлықта жүзіп жүрген. Бұл Оңтүстік теңіздерден кит аулау үшін Сан- Францискода жабдықталған төрт жүз тонналық кеме еді.

«Пилигрим» Калифорнияның кеме иемденуші бай адамы Джемс Уэлдон дегеннің кемесі болатын, бұны ұдайы бірнеше жыл Гуль деген капитан басқарып келген-ді.

Джемс Уэлдон Беринг бұғазынан ары оңтүстік және солтүстік теңіздердегі Тасмания мен Горн мүйісіне жыл сайын топ-тобымен кеме керуенін жөнелтіп тұратын. «Пилигрим» шағын болса да флоттағы шапшаң жүзетін жақсы кемелердің бірі еді. Ол қылаусыз жақсы жабдықталғандықтан шағын командамен-ақ Оңтүстік Мұзды мұхиттың мұз сірескен шегіне дейін барып жүрді.

Сең жаз айларында солтүстіктегіден де оңтүстік жарты шардағы ендікке жетіңкіреп қалады, капитан Гуль кемені сондай сіресіп жатқан көшпелі сеңдердің ара-арасымен тамаша жүргізетін. Ізгі Үміт мүйісі мен Жаңа Зеландия маңында сең жиі кездеседі. Анығырақ айтқанда, бұл мұздар жылы су шайған көшпелі мұз тауларының тек кішігірім бөлшектері ғана, бұлардың көбісі Атлант немесе Тынық мұхитқа түсісімен еріп кетеді.

1 Екі немесе үш мачталы желкенді кеме. Мұндай кемелер сауда флотында да, соғыс флотында да болады.


Оңтүстік флотилиядағы таңдаулы теңізшілер мен гарпуншылардың (китке шанышқы ататын) бірі капитан Гуль болатын, ержүрек капитан «Пилигримді» басқарғалы бері оның қарамағында тәжірибелі бес матрос пен матростық өнерін жаңа үйреніп жүрген бір жасөспірім қызмет етіп жүрді. Кит аулау кәсібінде, қайықта қызмет атқарып, ауланған китті сойып, баптау үшін көп адам керек, мұндай іске бар болғаны алты-ақ адам тым аз еді. Әйтсе де Джемс Уэлдон басқа кеме иелерінің әдістерін колданып, Сан-Францискодан тек кеме басқаратын команданы ғана алуды тиімді санаған.



Жаңа Зеландияның тұрғын халқы мен ондағы түрлі ұлттардьң қашып-пысқандары арасынан бір маусымға жалдана кететін шебер гарпуншылар мен матростар қашан да болса табыла береді. Бұлар маусым аяқталған соң қожайындарымен есеп айырысады да, кит аулаушы кемелердің келесі жылғы маусымын күтіп, жағаға түсіп қалады. Бұл жағдай команда жалақысынан бірсыпыра ақша үнемдеп, кит аулау кәсібінен түсетін пайданы молайта береді.

Джемс Уэлдон «Пилигримді» сапарға шығаруға жабдықтағанда нақ осы әдісті қолданып еді.

Шхуна-бриг оңтүстік поляр теңізінен кит аулау кәсібін аяқтағаны сол, бірақ оның трюмінде (кеменің астыңғы қабаты) кит мұрты сақталатын орын әлі олқы, кит майы толтырылмаған кеспектер де көп. Бұл кезде кит аулау тым қиын еді. Аяусыз қыра бергендіктен кит тым сирек кездесетін болды. Нағыз киттер құрып бітуге айналып, енд і аңшылар жолақж он1киттерді аулауға кіріскен, бірақ киттің бұл түрін аулау аса қауіпті еді.

Бұл сапарда «Пилигримнің» жолы болмады. Қаңтар айының бас шамасында, Австралия жазының шыжып тұрған2кезінде, кит аулау аяқталмай-ақ, капитан Гуль кері қайтуға мәжбүр болды. Жалдап алған маусымдық матростары

1 Аңшылар нағыз киттен өндіріс үшін аса бағалы шикізат – май мен кит мұртын алады. Кит мұрты мүйіз сияқты қатты болады, одан әр түрлі зат істеп шығарады. Киттің жолақжон дейтін түрінен тек қана май алады, оның мұрты нашар болады.

2 Оңтүстік жарты шардың жазы солтүстік жарты шардың қысқы айларына тұстас келеді.




жұмысты керенау істей бастаған соң, ондай жалқаулардан тезірек құтылғысы келеді.

«Пилигрим» солтүстік-батысқа қарай бет түзеп, он бесінші қаңтарда Жаңа Зеландия аралының шығыс жағындағы Окленд портына келді. Капитан Гуль жалдап алған маусымдық кит аулаушыларын сонда түсіріп кетті.

«Пилигримнің» тұрақты командасы бұл жолғы сапарына барынша наразы еді, өйткені шхуна-бригтің жүгі толу үшін әлі де болса кем дегенде екі жүз тонна кит майы керек. Бұлардың аулаушылық кәсібінде мұндай сәтсіздік бұрын- соңды болған емес.

Басқа аңшыларға қарағанда капитан Гульдің өзі аса ренжулі. Бұл сәтсіздік оның атышулы «кит аулаушы» деген даңқына аяусыз таңба салды, жұмысқа кедергі жасаған арамтамақ жалқауларды үнемі қарғап-сілеумен болды ол.

Оның Оклендтен жаңа адамдар жалдамақ болған әрекетінен де нәтиже шықпады, теңізшілердің бәрі басқа кит аулаушы кемелерге жалданып қойған. Сөйтіп, «Пилигримнің» олқы жүгін толтыру жөніндегі ниетті қоя тұру керек болды. Капитан Гуль порттан кеткелі жатқанда, бізді ала кетіңіз деп бір топ жолаушылар келіп жалынды. Ақырында қиылған халықтың көңілін қалдыра алмады капитан Гуль.

Бұл кезде «Пилигрим» қожасының әйелі миссис Уэлдон, оның енді ғана беске толған бөбегі Джек, миссистің немере ағасы Бенедикт ағай Оклендте болатын. Бұлар сауда ісімен Жаңа Зеландияға оқта-текте бір соғып кететін Джемс Уэлдонға еріп сонда келген-ді. Сан-Францискоға бәрі бірге қайтпақшы екен, бірақ дәл жүрер алдында кішкентай бөбегі Джек қатты сырқаттанып қалады да, күте тұруға болмайтын аса бір асығыс жұмыспен Джемс Уэлдон Америкаға шақырылады. Ол әйелін, сырқаттанып қалған баласын, қайнағасы Бенедикт ағайды Окленд портында қалдырып, өзі Америкаға жүріп кетеді.

Арада үш ай уақыт өтеді, ұдайы үш айды сүйікті адамынан бөлек өткізу жас әйелге ұшы-қиыры жоқ тұтас бір ғасыр боп


көрінеді. Кішкентай Джек сырқатынан айыққан соң, әйел жол жүруге әзірлене бастайды. Нақ сол кезде «Пилигрим» Окленд портына келе қалған. Ол кезде Окленд пен Калифорния арасында тікелей қатынас жоқ-ты. Миссис Уэлдон Панама мойнағы мен Мельбурн арасында жолаушылар таситын «Алтын ғасыр» компаниясының мұхитта жүзетін пароходтарының біріне түсу үшін алдымен Австралияға баруы керек. Панамаға жеткен соң, Калифорния мен мойнақ арасында қатынайтын америка пароходтарын күтуі қажет.

Ұзақ сапарда бір параходтан екінші параходқа ауыса беру

– уақытты көп алатыны, әсіресе балалы әйелге қиын болатыны белгілі. Сондықтан да миссис Уэлдон «Пилигримнің» Окленд портына келген хабарын есітіп, өзін, кішкентай бөбегі Джекті, немере ағасы Бенедиктті, баласын тәрбиелеп жүрген негр кемпірі Нанды Сан-Францискоға жеткізіп сал деп капитан Гульге келіп өтінген болатын.

Желкенді кемемен үш мың лье1 жол жүру керек! Бірақ капитан Гуль кемесін дәйім мүлтіксіз тұтатын, оның үстіне ауа райы экватордың екі жағында да тамаша еді.

Капитан әлгі адамдарды өзімен бірге ала кететін болды да, дереу өз каютасын жолаушы әйелге босатып берді. Балалы әйел кит аулайтын кемемен қырық-елу күндік сапар шегетін болғандықтан, оған қолайлы жағдай жасағысы келді.

Сөйтіп, миссис Уэлдонның «Пилигриммен» сапар шегуіне қолайлы жағдай туғызылды. Бірақ жолдан бұрыс болса да, кемедегі жүкті түсіре кету үшін алдымен Чилидегі Вальпарайсо портына соғуы керек. Әйтсе де оның есесіне Вальпарайсодан шығып, Сан-Францисконың нақ өзіне дейін ыңғай соққан желді пайдаланып америка жағалауымен жүретін болды.

Миссис Уэлдон күйеуімен бірге ұзақ сапарға жиі шығып, жол азабына көндігіп қалған, теңіз қиындығынан қорықпайтын ержүрек әйел еді. Жасы отызды қусырған, денсаулығы жақсы болатын. Капитан Гульдің озат теңізші

1 Лье – француздың ескілікті ұзындық өлшеуі, бір лье 4,5 километрге тең.



екенін, «Пилигримнің» сенімді кеме екенін де білетін-ді. Реті келіп тұрғанда жағдайды пайдаланып қалу керек болды. Сөйтіп, миссис Уэлдон шағын кемемен сапар шегуге бел байлады. Онымен бірге Бенедикт ағайдың да кететіндігі, әрине, түсінікті.

Бенедикт ағайды жасы елуге келіп қалса да, үйден бір қадам жалғыз шығаруға болмайтын еді. Оны арықтан гөрі қатпа деуге лайық, бойы оншалықты биік болмаса да, бір түрлі ерсі, сорайып көрінеді, шашы қобыраған, басы ебедейсіз үлкен, кеңсірігінде қорабына алтын жалатқан көзілдірігі бар

– міне, Бенедикт ағайдың түр-сипаты осындай-ды. Оның ғалым адам екені бір көргеннен-ақ беп-белгілі. Бұл күнәсыз пенденің өле-өлгенше сақалды сәби болуы тағдырына жазылып туса керек.

Оны «Бенедикт ағай» деп тек үй-іші ғана атап қоймай, тіптен басқа адамдар да солай атайтын-ды, ол жалпыға бірдей туыс бола кететін ақпейіл адамдардың бірі еді. Бенедикт ағай өзінің тым ерсі ұзын қолдары мен аяғын еш жерге сыйғыза алмайтын, өз бетінше ешнәрсе істей білмейтін, дәрменсіз адам болатын, әсіресе дағдылы тұрмыс жөніндегі мәселелерді шешуге мүлде шорқақ еді.

Оны масыл деуге болмайды, өзінің икемсіздігінен қымсынған болып, басқаларды да қымсындырудың ебін таба қоятын. Ол күй таңдамайтын, ыстық-суыққа бірдей, біреудің көңілін жықпайтын, ынтымақшыл болатын, егер үй іші ескеріп ас бермесе, өздігінен ас сұрамай күн ұзаққа аш жүре беретін көнбіс адам еді.

Бенедикт ағай хайуанаттардан гөрі өсімдіктер дүниесіне жуығырақ сияқты. Қасындағы жолдасына не пана, не ас болуға қабілеті жоқ жапырағынан айрылған жеміссіз ағаш тәрізді.

Бірақ ол мейірбан, адал адам болатын. Сондықтан болар, оны миссис Уэлдон өзінің баласындай, кішкентай Джектің бауырлас ағасындай көре-тұғын.

Дегенмен Бенедикт ағай ас ішіп, аяқ босатар масыл емес екендігін айта кету керек. Керісінше, шаршау дегенді білмейтін,


еңбексүйгіш, іскер адам. Оның бар ықыласы жаратылыс тарихына ауып, соған әуестенген.

«Жаратылыс тарихына» дегеніміз – айтып бітіре алмайтын көп әңгіме. Бұл жалпы ұғымға: зоология, ботаника, минерология және геология сияқты бірнеше ғылымдар енетіні мәлім, әйтсе де Бенедикт ағай ботаник те, минеролог та, геолог та емес.

Ендеше, кез келген хайуанды мүшелеп сойып, қайтадан бұрынғы қалпына келтіре алатын Жаңа дүниенің Кювьесі1дерлік зоолог болғаны ма? Жануарлар дүниесінің Кювье бөлген төрт түрін – омыртқалылар мен былқылдақ денелілерді, буын денелілер мен жарқырауық денелілерді зерттеуге бар өмірін арнаған ба? Бұл ынталы да аңқау ғалым осы төрт түрдің әр түрлі топтарын, кіші топтарын, тұқымдарын, тұқымдастарын талдап біле ме?

Жоқ!

Бенедикт ағай омыртқалылар тобына жататын сүтқоректілерді, құстарды, бауырымен жорғалаушыларды немесе балықтарды зерттеумен шұғылданады ма?

Жоқ, шұғылданған емес!

Мүмкін, ол былқылдақ денелілерді зерттеген болар? Әлде аяғы басына біткен басаяқтылар мен мшанкалардың жасырын сырларын ашқан шығар?

Оны да істеген жоқ!

Ендеше, ол осы медузалар (теңіз жәндіктері), тікенек терілер, жабысқақ жәндіктер, тағы басқа түрлі жарқырауық топтарды зерттеп, ұзақ түн шам жағып отыратын болды ғой?

Ақиқатын айту керек, Бенедикт ағайдың ықыласы жарқырауық жәндіктерге де ауған емес.

Олай болса, бүкіл зоологиядан қалғаны тек буындылар тобы ғана, әсіресе Бенедикт ағайдың бар ықыласы осы топқа түгел ауғандығы өзінен-өзі түсінікті. Әйтсе де мұны әлі де анықтау керек.

1 Жорж Кювье (1769-1832) – көне дәуірде өлген хайуанаттардың сүйегін қазып алып тексерген, хайуанаттар дүниесін төрт түрге жіктеген француздың мәшһүр натуралисі.


Буынды жәндіктер алты топқа бөлінеді. Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, көпаяқтылар, өрмекші, шаян тәрізділер, мұртаяқтылар, шиыршық құрттар.

Расын айтқанда, Бенедикт ағай жер құртынан сүлікті, үй өрмекшісінен сарышаянды, теңіз жұлдызынан креветканы (шаянның бір түрі), кивсяктан сколопендерді ажырата алмайтын-ды.

Ендеше, Бенедикт ағайдың кім болғаны?

Ол ешкім де емес, ол – қарапайым энтомолог!

Энтомология ғылымы буынсыздардың барлық түрін тексеріп, зерттеумен шұғылданатын жаратылыс тарихының бір саласы екендігіне таласушылар да табылар. Жалпы алғанда, бұл дұрыс та. Бірақ әдетте «энтомология» деген ұғымның бұл тараудағы мазмұны өте шағын болады. Бұл термин тек жәндіктер туралы ғылым саласын белгілеуге ғана қолданылады, басқаша айтқанда, «омыртқасыз буынаяқтылар; бұлардың денесі үш бөлімнен – бас, кеуде, қарыннан құралады. Жәндіктердің екі мұрты, төсінде алты аяғы, көбінің екі-екіден қанаты болады».

Сөйтіп, Бенедикт ағай күллі өмірін шыбын-шіркей, құрт- құмырсқа сияқты жәндіктер дүниесін зерттеуге арнаған энтомолог болған.

Бұл жөнінде Бенедикт ағайдың бітіретін түк жұмысы жоқ екен деуге болмайды, оның істейтіні көп. Жәндіктердің бұл бөлімі он топқа бөлінеді:

1 -топ – түзу қанаттылар (тарақандар, шегірткелер, қара шегірткелер, тағысын тағылар)

2 -топ – тор қанаттылар (арыстан, құмырсқа, инелік)

3 -топ – жарғақ қанаттылар (бал арасы, сағызақ, қанатты құмырсқа)

4 -топ – қабыршақ қанаттылар (көбелек)

5 -топ – қатқыл қанаттылар (қандала, шегірткенің тағы бір түрі, шіркей).

6 -топ – қатты қанаттылар (саратан қоңызы, алтын қоңыз) 7-топ – қос қанаттылар (маса, шіркей, шыбын)


8-топ – желпуіш қанаттылар (стилопс немесе желпуіш қанатты)

9-топ – паразиттер

10 -топ – төмен сатылы жәндіктер (қабыршақ қанатты ұсақ жәндіктер).

Бірақ бір ғана қатты қанаттылардың түрі отыз мыңнан кем емес, ал қос қанаттылар алпыс мыңға жетеді. Сондықтан да жұмыс бір адамға артығымен жетіп жатыр.

Бенедикт ағайдың өмірі тұтасымен тек қана энтомологияға арналған. Ғылымның бұл тарауына өзінің күш-қуатын түгел бөліп еді ол, әйтсе де осы ғылыммен ояу кезінде ғана шұғылданып қоймай, тіптен ұйықтап жатқанында да есі- дерті сонда болатын, түсінде де өңшең шыбын-шіркей көретін- ді. Жеңінің қайырмасына, бешпентінің өңіріне, қалпағының етегіне сан жеткісіз түйреуіштер шаншулы болады. Бенедикт ағай қала сыртына шығып серуендеп қайтқан кездерде, қалпағын көрер болсаңыз, шыбын-шіркей жинағының қоймасы екен дер едіңіз. Қалпағының іші-сырты бірдей түйреуішке шаншылған шыбын-шіркей болатын.

Бұл қызық адамның сыр-сипатын суреттеп, толықтыра түсу үшін қосарымыз, оның ерлі-зайыпты Уэлдондарға еріп Жаңа Зеландияға келгендегі мақсаты, тек қана энтомология ғылымы жөнінде жаңалықтар ашып, ғылымқұмарлығының шөлін басу еді. Жаңа Зеландияға бару сапары сәтті болып,

«қазынасын» бірсыпыра сирек кездесетін шыбын- шіркейлермен байытып алып, енді осы баға жетпес байлықтарын өзінің Сан-Францискодағы үй мұражайына апарып, іріктеп түрге бөлу үшін тез қайтуға асыққан-ды.

Миссис Уэлдон бөбегімен «Пилигримге» отырып елге қайтқанда, Бенедикт ағай да олармен бірге жолға шыққандығы, әрине, түсінікті.

Миссис Уэлдон, жазатайым қауіп-қатер төне қалса, Бенедикт ағай сүйеніш болар деп мүлдем ойламап еді. Енді, бір жақсы жері, жылдың осы бір маусымында мұхиттың


тым қатты туламай тыныш жататын кезінде сенімді капитан басқарған кемемен рақаттана сайрандап еліне қайтатын болды.

«Пилигрим» ұдайы үш күн Оклендте тұрған кезінде миссис Уэлдон жолға қажетті шаруасын сақадай сай етіп дайындап алды. Енді кемені бөгемей тезінен жөнеп кеткісі келді. Жергілікті қызметкерлерімен есеп айырысып болды да, қаңтардың жиырма екісі күні кішкене бөбегі Джекті, Бенедикт ағай мен негр кемпірі Нанды ертіп «Пилигримге» келіп орналасты.

Бенедикт ағай өзінің арнаулы қаңылтыр қалбырға салып мойнына асып жүретін баға жеткісіз шыбын-шіркей коллекциясының ішінде қатты қанатты, көздері төбесіне біткен ет қоректі стафилин деген қоңыз да бар-ды. Ғалымдар оны күні бүгінге дейін тек қана новокаледондық фаунаға1тән деп шамалап келген. Ол жақта шаққанынан адам өлетін улы өрмекші болады, оны Жаңа Зеландияның тұрғын халықтары

– маорицтер «катипо» деп атады. Олар Бенедикт ағайға сол өрмекшіні де ала кетіңіз деп мәслихат еткен. Бірақ өрмекші шыбын-шіркейлер тобына жатпайды, өрмекші тәріздестердің тұқымы өзіне басқа, улы өрмекшінің ғылым үшін ешқандай бағасы жоқ. Сондықтан да Бенедикт ағай өрмекшіні қомсынып коллекциясына қосқысы келмей, одан гөрі Жаңа Зеландияның стафилин қоңызын бағалы экспонат деп санады.

Әрине, Бенедикт ағай коллекциясын қамсыздандырып, ақша аямай тиісті жарнасын да төледі. Бұл коллекция оның үшін «Пилигрим» трюмінде жатқан бүкіл кит мұрты мен кит майынан анағұрлым бағалы еді.

Миссис Уэлдон жолдастарымен бірге кемеге келген кезде капитан Гуль жолаушыларға:

– Миссис Уэлдон, сіз мұхитты кесіп өту үшін

«Пилигримді» таңдадыңыз ғой, бұл жауапкерлікті, әрине, ұғатын боларсыз, – деді.

– Капитан Гуль, бұл сауалыңызды қалай түсінер екенбіз?

1 Фауна – қай жерде, қай елде болса да хайуанат дүниесін фауна деп атайды.


– Мен мистер Уэлдоннан ешқандай нұсқау алғаным жоқ, сондықтан сізге осындай сауал беруіме тура келді, бұл – бір. Екіншіден, шындығын айту керек қой, қауіпсіздік жайына келгенде, жолаушылар тасу үшін әдейі жабдықталған пакетботтан1шхуна-бриг көп төмен.

– Егер Джемс Уэлдон осында болса ойланбай-ақ, баласын ала менімен бірге «Пилигриммен» сапарға шығар еді, сіз бұған қалай қарар едіңіз?

– Оған сөз бар ма! – деді капитан Гуль. – Өз бала- шағам болса, «Пилигриммен» мен де күдіксіз кете берер едім. Биылғы аушылық маусымын сәтсіз аяқтағаны болмаса,

«Пилигрим» – тамаша кеме. Өзінің үздіксіз бірнеше жыл басқарған кемесіне теңізшінің сенімі кәміл, менің де

«Пилигримге» деген сенімім сондай. Миссис Уэлдон, сізге бұл сияқты сауал беру себебім, ұятқа қалмайын, сіздің әдеттеніп қалған жайларыңыздың мұнда болмайтынын алдын ала ескерткенім ғой.

– Капитан Гуль, егер күллі іс жағдайдың қолайлы- қолайсыздығына тіреліп тұрса, ондай нәрсе мені жолымнан қалдыра алмайды. Мен каютаның тарлығы мен дастарқанның олқылығына наразы болып капитанға маза бермейтін ерке жолаушы әйел емеспін.

Миссис Уэлдон көтеріп тұрған бөбегіне бір қарап алды да, сөзін қорытты:

– Сөйтіп, капитан, енді жолға шығайық!

Капитан сол сәтте зәкір көтеруге бұйырды. «Пилигрим» кешікпей-ақ желкендерін көтеріп, Окленд портынан шықты да, америка жағалауына қарай бет түзеді.

Бірақ үш күннен соң шығыстан қатты жел тұрды, енді желге қарсы жүзу үшін кеме бұрынғы бағытын амалсыз өзгертті. Сондықтан да өз капитанының ырқына көнбеген

«Пилигрим» ақпанның екісі күні таңертең жоғары ендікке жетіп қалды. Горн мүйісін айналып өткен кемелердің қай капитаны болса да, Жаңа Дүниенің батыс жағалауымен жүретін төте жолмен жүрмей, нақ осы бағытпен жүрер еді.



5654636848656437.html
5654667105337393.html
    PR.RU™