Зін-өзі тану білімнің жеке саласы тақырыбында шағын шығармашылық жұмыс жасаңыз

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмы­сы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған. Оған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік кешенінің жаңа үлгісін дайындаудан мысал келтіруге болады. Өзін-өзі тану пәнінің оқу материалдары жүйеленген. Ол төрт тарау бойынша: «Өзін-өзі тану бақыты», «Адами қарым-қатынасқа үйренейік», «Адам болам десеңіз…», «Мен – табиғат перзентімін» тақырыптарымен берілген.«Өзін-өзі тану бақыты» атты I тарауда өзін-өзі тану, білім, патриотизм, еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, махаббат, сөз және т.б. құндылықтарды оқып, үйренуге баса назар аударылады. Балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді.Бұл бөлімде өзін-өзі тану, адамгершілік, адалдық, өмір, руханилық, сұлулық, даналық, ақиқат, денсаулық, үйлесімділік, қызмет ету, еңбек, достық, махаббат, карым-қатынас жасау және басқа да құндылықтарды оқып, үйренуге басымдық беріледі.«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты II тарауда 1 сынып оқушылары достық қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, әдептілік, қамқорлық, өзара түсіністік, отба­сы, сыйластық, отан, махаббат және т.б. құндылықтарды меңгереді. Сыныпта, отбасын­да тең құқылы, ізгілікті қарым-қатынастар орнатуға, әлеуметтік белсенділігін дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл бөлімде адам, еңбек, шеберлік, отбасы, балалар, қоғам, отан, патриоттық этика, адамгершілік және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді.«Адам болам десеңіз…» атты III тарауда мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, жақсылык, қайырымдылық, жауапкершілік, қамқорлық, шындық, сияқты адами қасиеттердің мәні түсіндіріледі. Бастауыш мектеп жасындағы балалар өз істеріне, әрекеттеріне жауапкершілікті сезінуді үйренеді. Осы бөлімде өзін-өзі тану процесінде рухани-адамгершілік сапаларды дамыту, жеке тұлғаның өзін-өзі барынша іске асыру, өзін-өзі анықтау үшін көмектесіп, адамның өмір сүру логи­касына жауап береді.«Мен – табиғат перзентімін» атты IV тарауда табиғат, денсаулық, қамқорлық, жасампаздық жарасымы туралы құндылықтар бойынша түсініктері қалыптасады. Оқушылар «адам» және «қоғам» ұғымдарының жан-жақтылығын түсінеді. Бұл бөлімде табиғат, адам, үйлесімділік, сұлулық, жер, ғарыш, махаббат, әлем, денсаулық және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді. Айталық, табиғаттану пәнінде оқушылар өсімдіктің құрылысымен (сабағы, жапырағы, тамыры, қабығы т.б.) танысса, бұл пәнде балалар өсімдікті құндылық ретінде қарастырып, оған қамқорлық жасауды, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді үйренеді.Сабақтарда пәннің мақсатқа сәйкес оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндеттері белгіленген.Сонымен бірге балалардың қоршаған әлеуметтік-мәдени және табиғи ортамен үйлесімді байланысын, этикалық және экологиялық мәдениетін, адамдарға, өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыруға және балалардың адам, өмір, отан, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен мейірімділік, сыйластық, махаббат, адалдық, патриоттық, еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейтуге негізделген.Отанын, отбасын, мектебін сүйетін азаматтық, патриоттық, мәдени сапаларын артты­руда адамгершілігі мол, жаңалыққа талпынып тұратын шығармашылық тұрғыда белсенді, табиғат пен қоғам байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.Себебі адам өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу – өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-кұлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы баланың дүниеге келгеннен бастап оған жақын адамдардың қарым-қатынасынан баста­лады.Ал бастауыш сыныпта адамгершілік, сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік та­лаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды үйрене бастайды.Мысалға, бірінші сыныпта «Көмектесе білейік», «Тіл табыса білейік», «Менің досым», «Шаңырақ шуағы», «Сыйласаң – сыйлы боласың», «Қайырымды бола білейік», «Шыншылдық – адамдықтың белгісі», «Өтірік өрге баспайды», «Әдеппен сөйлеп әдеттен» т.б. сабақтардың негізі баланы ойлануға, талдауға, қарым-қатынас жасай білуге, өзі шешім қабылдауды үйренуге, адамның адамгершілік жағынан қалыптасу үрдісінде адамгершілік сезімдер арқылы жетуге бағытталған.Бастауыш сынып оқушыларының білімін және адамгершілік қасиеттер мен кұндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуда: «Шаттық шеңбері», «Мәтін оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелеу», «Әңгімелесу», «Ойын», «Жаттығу», «Шығармашылық жұмыс», «Жаттығу-ойлану», «Бейнематериалдар көру», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Жүректен жүрекке», «Үй тапсырмасы» тағы басқа әдіс-тәсілдер қолданылған. Мысалға «Өзіммен-өзім» – бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөйлер сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар (классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфильмдер көру және т.б.) қолданылады.Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, ба­лалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Бастауыш сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.«Әр бала – керемет рухани күш иесі.





54. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі танудың құрылымы ретінде 5-6 қағида ұсыныңыз.

Өзін өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көз қарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымда жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзін өзі тану өзін дамытудың жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің өзінің қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам адам, адам қоғам, адам техника, адам табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыруы. Өзін өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп адам толысуын өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді.

Тұлғаның өзін-өзі тануын жетілдіру мақсатында психоанализді қолдану тиімді болып отыр. Психоанализдің өзі тұлғаның психикасын терең талдау болып табылады. Біз осындай тұлғаның өзіндік танымын анықтау мақсатында өзіндік танымға байланысты зерттеу жұмыстары тиімді болып табылды. Адамның өзін-өзі тануы барлық ғылым-білімнің ішіндегі төресі, ең маңызды, ең үлкені және бүкіл адамзат мәдениетінің ең жоғарғы сатысы деп түсінемін. Өзін-өзі терең зерттеп, түсінуге тырысқан адам ғана басқалармен, өзін қоршаған табиғатпен ынтымақты, үйлесімді үндес өмір сүре алады. Ал өзін зерттеуге ұмтылу дегеніміз, өз бойындағы жақсы, ұлағатты әдеттерді тәрбиелеп, мәпелеп өсіріп, ал көптеген қыңыр қылықтарға бой бермей мінезінің жаман жақтарын түзету бағытында бір сәтте дамылдамастан еңбектеніп отыру. Үнемі өзінің ішкі дүниесіне үңіле отырып, жан көріністерін бақылауда ұстау, ол үшін адам өзінің барлық іс-қимылын, ең алдымен ой санасын жүрекке, былайша айтқанда жан дүниесіне бағындырғаны дұрыс

Өзін-өзі дамыту - өзіндік тұлғасын көрсететін индивидтің мақсатқа бағытталға, саналы түрде және өз бетімен бақыланатын процесс. Өзін-өзі дамыту техникасының 3 негізгі элементі бар: 1) ұйымдастыру-басқару түрлері;2) ақыл-ойының дамуы;3) психологиялық жағдайын өз бетімен реттеу.

55.Қазақ менталитетінің ерекшеліктері.

Менталитет немесе діл (лат. menta — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы. Сондай-ақ менталитет халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану болып табылады. Сол арқылы адамдардың жалпылама және нақты баға беруі, әлеуметтік ұстанымы өзінің әлеуметтік бірлігіне және басқа да қауымдастықтарға белсенді қарым-қатынасы пайда болады.

Діл, менталитет - адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіретін ұғым. Діл мәдени бірегейленуімен және тұлғаның өзін-өзі белгілі бір мәдени ортада сезіну деңгейімен байланысты. Адам баласы тумысынан құндылықтар жүйесін (отбасылық, топтық, этностық, өркениеттік, т.б.), көбінесе, бәз қалпында, дайын күйінде қабылдайды. Еркін таңдау қабілеті, негізінен, шығармашылық қарымы, жасампаздық дарыны мол тұлғаларға тән. Осыған орай, ең алдымен, этностық сананың тұрақтылығын, дүниетанымының әмбебапты болатындығын ескерген жөн.Ділді оған табиғаты ұқсастау мәдени архетип пен ұлттық мінез-құлықтан ажырта білген жөн. Өзгермелі ортада тұлғалық тұрақтылықты жүзеге асыратын мәдени архетип тылсымдық, бейсаналы сипат иеленеді, ал таңбалардың, рәміздердің, мағыналардың пайымдалған жүйесін құрайтын менталаитет саналы талқыға түсіп отырады. ¥лттық мінез-құлық мәдени архетиптермен бірге адамдардың қайталанбалы, табиғи, этнопсихолдық ерекшеліктері арқылы көрініс табады. Менталитет әртүрлі адамдардың дүниедегі заттар мен құбылыстарды біркелкі таңбалар мен рәміздер арқылы бейнелей алу қабілетімен ерекшеленеді. Осы біркелкілік адами қоғамдастықтардың ортақ табиғи-тарихи ортада қалыптасуымен де, мәдени сабақтастық нышандарымен де тікелей байланысты болады. Мысалы, еуразиялық Ұлы Даланы қоныстанған көшпелі халықтар ұрпақтарының ділінде көптеген ортақ белгілер бар. Менталитет— әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүр немесе қауымдастықтың бірлігін нығайтатын жалпы рухани көңіл-күй, нанымиланым, рух дағдысы, ойдың біртұтас жиынтығы. Менталитет жеке және ұжымдық сананың өзіндік ерекшелігі бар деңгейлерін сипаттайды; бұл орайда менталитет — өзгеше ойлау типі. Менталитет — табиғат және әлеуметтік жағдайлар салдарынан туындайтын және адамның өмір әлемі туралы ұғым-танымын ашатын жалпылық менталитет терминін жанның негізгі орталық метафизикалық мәнін құндылықтар мен ақиқаттың түпдерек ретінде қарастыра отырып, американ философы Р. Эмерсан (1856) енгізді. Менталитет қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің филосафиялық, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін метаұғым болып табылады. Бүгінгі Қазақстан қоғамында экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мәселелер жеткілікті. Солардың бірі, біздіңше ұлт-менталитеті,яғни қазақ халқының менталитеті. Қоғамның даму бағыты,экономикалық және саяси реформалардың пәрменділігі көп жағдайда ұлт менталитетінің икемділігі мен қабілеттілігіне, жаңа құндылықтарды қабылдау мен таңдау деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сонымен катар, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерде өз кезегінде қазақ менталитетінің болмыс бітімі мен даму табиғатына да өз әсерін тигізуде. Осы жағдайда қазақ менталитетін жан-жақты зерттеуөзекті мәселелердің біріне айналуда. Қазақстандық ғалымдар бұл мәселені 90 жылдардың аяғына таман көтере бастады. Соның нәтижесінде монографиялық еңбектер мен көптеген ғылыми мақалалар жарық көрді. Онда қазақ менталитеті батыстық үлгіде қалыптасқанқағидалар мен тұғырнамалар арқылы зерттеу сыңаржақты деген тұрақты түсінік қалыптасты. Мәселен, Д.Кішібеков "Қазақ жері қандай кең болса, оның менталитеті де сондай мол, рухани жағынан өте бай. Оны еуропалық қалыпқа салып қарауға болмайды.Оның өркениеті де, өлшемдік түсінігі де басқа" - деді. Өз кезегінде мұндай методологиялық тұжырым қазақ менталитетін, оның ішкі құрылымдық жүйелерін басқаша қарауға өз септігін тигізді.Сонымен бірге, кейбір қазақстандық философтар менталитет ұғымын "діл" деп қарастырудың қажеттігін, олардың баламасы жағынан тең екендігін айтады, кейбір философтар, олардың өзара арасалмағын ажыратудың қажеттігін айтуда. Мәселен, А.Қасабек діл ұғымының менталитетке қарағанда логикалық шеңбері кең екенін, оны тек сенім мен иманға балауға болмайтынын айта отырып: - "ұлттық ділді объективтік жағдай

қалыптастырады. Халықтың ділі - әдет-ғұрып, діни сенімдер, ырымдар мен пайымдар,жыл айыру мен мал бағудан туындайтын астрологиялық көзқарастар, мал анатомиясының ерекшеліктерін білгірлігі, сәндік ою, өрнек өнеріндегі көшпелі тұрмыс бейнелері және күрделі рухани болмыс құрылымындағы осы көріністердің бейнеленуі" - деген пікірді

айтады. Ал С.Ақатай болса: "менталитет миымыздың түйсігі, ақыл-ойының бейнесі,рухани қыртысы, ал діл сенімге, иманға жуықтау" - деген қарама-қарсы пікір айтса,М.Тәтімов: "менталитет деген саяси ұғымды мен қазақша "діл" деп аударып жүрмін. Оны көпшілік әлі қабылдап үлгермеді. Дегенмен де, бұл қазақ тілінде бар "діл" деген ұғымсөздік қорымызда өзіне ұқсас "дін", "тіл", "мәдениет", "әдебиет" деген сөздер сияқты өзінің кең мағыналы, әрі мазмұнды күрделі ауыр жүгін көтере алады" - деп жазады. Біздің ойымызша, менталитет ұғымы тіл, дін, мәдениет, әдебиет сияқты құбылыстармен өзара тығыз байланыста болғанмен, оны еш уақытта жоғарыда аталған ұғымдармен шатастыруға, немесе оларға негіздеуге әсте болмайды. Өйткені, олар коғамның рухани саласында әр түрлі кызмет атқарады. Мәселен, мәдениет ұғымының менталитетке қарағанда ауқымы кең, ол тіпті менталитетті қалыптастыратын орта деп айтсақ та болады. Басқаша айтқанда, менталитетте мәдениет қалыптастырған құндылықтар, стереотиптерге айналған мінез-құлық көріністері өз бейнесін тауып жатады. Менталитет феноменінің ауқымы кең. Оны тек санаға, немесе ақылға, не болмаса тек бір ойлау жүйесіне негіздеуге болмайды. Онда ұжымдық және жеке сананың өзара байланысы, адамдардың ойлаутүрлері, дүниені қабылдау әдістері, сезінуі мен түсінуі, құндылықтарды кабылдауерекшеліктері бар. Олай болса, менталитетке тон қасиет тұтастық, синкреттілік. Қорыта келгенде, менталитет ішкі руханилықтың тұтас жүйесі Ол адамдардың нақтылы ісінде, өмір салтында, дүниеге қатынасында, өмір сүру тәсілінде,дүние түсінігі мен дүниетанымында өзінің көрінісін табады.

56 «Тәсіл», «амал», «әрекет», «бейне», «нысан» ұғымдарына анықтама беріңіз

Сөздіктерде «әдіс» «тәсіл», ал тәсіл әдіс ретінде анықталады. Егер кез келген әрекет тәсілін әдіс деп есептесек, теориялық деңгейде «әдіс» ғылыми ұғым ретінде өз мағынасын жоғалтады.

Тәсіл – қандай да бір жұмыс жасау барысында немесе бір нәрсені жүзеге асыру үшін қолданылатын әрекет немесе әрекеттер жиынтығы.

Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекетіміз дұрыс болу үшін,-дейді Әл-Фараби ,-біздің соған бару жолымыз қандай болу керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз.»

57Әлеуметтік педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңа түрлеріне жоба жазыңыз

Әлеуметтік көмек көрсету - бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі

Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Үлгілік қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
23. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.


6026829286546209.html
6026889045126354.html
    PR.RU™